Site icon KAZAKBOL

Би-Би-Си «Киргизияны» «Қырғызстан» деп өзгертті

Би-Би-Си (BBC) медиакорпорациясының орыс қызметі мақалаларында кейбір постсоветтік елдердің атауларын өзгертті. Белоруссия Беларусь, Киргизия — Қырғызстан, Түркімения — Түркіменстан, Молдавия — Молдова болады, деп хабарлады қызмет редакторы Фамиль Исмайлов.

Мемлекет атаулары төңірегіндегі пікір-талас бұрыннан бері бар. КСРО ыдыраған соң, тәуелсіз республикалар атауларын өзгерткен.

«Біз мақалаларда совет заманындағы оқулықтарда жазылған мемлекет атауларын қолданып келдік. Бірақ оны да өзгертетін уақыт келді», — деп түсіндірді редактор.

Қырғызстан — Қырғыз Республикасының ресми қысқартылған атауы. Ел Конституциясының қырғыз және орыс тілдеріндегі нұсқаларында Қырғызстан деп көрсетілген. Бірақ ресейлік ақпарат құралдары әлі күнге дейін Киргизия атауын қолданып жүр.

centralasian.org

Exit mobile version