Site icon KAZAKBOL

Бір жарым ай бұрын қымбат көлікке мініп кеткен ақтөбелік жігіттің денесі табылды

Фото: aktobenews.kz

Тамыз айының басында қарбыз сатып тұрған жерінен қымбат көлікке мініп кеткен Ерхан Тілеумбетовтің мәйіті табылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

«Ерханның қаза болғанын 28-ші қыркүйекте хабарлады. Қазір полиция қызметкерлері медициналық сараптама жүргізіп жатыр», — деді Ерхан Тілеумбетовтің әйелі Маржан Ошақова.

Туыстарының айтуынша, мәйіт Ақтөбе қаласының Сазды ауылдық округі маңынан табылған. Оны киім-кешектері арқылы біліп, танып жатыр.

Exit mobile version