Site icon KAZAKBOL

Біреудің отбасын бұздың деп «Кешью» әншісін айыптағандар оны жерден алып, жерге салды (фото)

Ақбота мен Дәурен Айдарқұлов. Фото Ақботаның желі парақшасынан алынды

Жақында ғана «Гламур для дур» фильміне түскен «Кешью» тобының әншісі желі қолданушыларының ащы сынына ұшырады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Ақботаның топтан кететінін және жақында тұрмысқа шығатынын талай БАҚ хабарлап үлгерген. Тіпті Ақбота бақытын түсірілім алаңында тапқанын Баян Мақсатқызы да жоққа шығармаған.  Алайда желі қолданушылары әнші «біреудің бақытын ұрлап, балалары бар отбасылы азаматқа» тұрмысқа шыққалы жатқанын жарыса жазуда.

Фото Баян Әкімжанованың желі парақшасынан алынды

«Біреудің отбасын ойрандағанда арың қайда болды?», «Ертелі-кеш жазаңды аласың», «Алдағы уақытта сенен де әдемі қыз кездессе, сені де тастап кетпесіне кім кепіл? Ана болғым келеді дейсің, ол әйелдің балаларының көз жасына қалма», «Отбасына опасыз жасаған адам саған да солай істейді», «Ақбота, Дәуренге тұрмысқа шығатын ойдан бас тарт», «Бір отбасын жылатып қалай өмір сүруге болады?», — деп желі қолданушылары Ақботаны сынап тастады.

Ал сол арада өзін Дәурен Айдарқұловтың жарымын деп таныстырған әйел желіге отбасылық фотоларын салып, Ақботаға райынан қайтпаса, «бар былығын жайып салатынын» жазған.

Баян Әкімжанова есімімен тіркелген бойжеткен Дәурен Айдарқұловтың заңды күйеуі екенін дәлелдеу үшін неке куәлігін де жария еткен.

Балаларының әкесін, аяулы жарын ешкімге бере салуға дайын еместігін айтқан Баян Әкімжанова «өзінің жүктілігімен күйеуін тартып алмақ болған әйелге» дұғай-дұғай сәлем жолдады.

«Бәрі маған «сен оны қалайша кешіресің» деп жазады. Бұл мәселемен өмір сүріп жатқаныма бірталай ай болды. Туған-туыстарым менің бар қиындықтарымды біліп отыр. Оны жібере салып, онсыз өмір сүруге тырыстым… Алайда мен неге шегіну керекпін? Балаң бар бола тұра, оны өзге әйелмен көру қиын. Жауыма да мұны тілемес едім… Күйеуім телефон соғып, ол әйелдің не істеп жатқанын айтқаны да ауыр тиді. Жүктілігімен ұстап қалғысы келіп отырғаны өз арына. Ол менімен ажырасқысы келсе, жазда-ақ ажырасып кететін еді», — деп жазған Баян Әкімжанова.

Дегенмен желі қолданушыларының бірталайы бұл ақпараттың қара пиар болуы мүмкін екенін алға тартуда. Дәурен Айдарқұлов желісін жабық етіп, жұрттан жеке өміріне араласпауын өтінсе, Ақботаның өзі желі парақшасында бұл жайтқа қатысты үнсіз отыр.

Exit mobile version