Site icon KAZAKBOL

«Бішкек» еркін экономикалық аймағының бұрынғы басшысы ұсталды

Генерал-майора Генштаба ВС РК осудили за вымогательство и получение взятки

Источник: Zakon.kz

«Бішкек» еркін экономикалық аймағының бұрынғы бас директоры және директор міндетін атқарушы ұсталды. Бұл туралы Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. Олар арнайы қызметтің тергеу абақтысына 6 қаңтарда жабылған.

ҰҚК мәліметіне сәйкес, «Бішкек» еркін экономикалық аймағына тексеру жүргізіліп, коррупциялық схема анықталған. Нәтижесінде бірқатар сатып алу істерінде, қаржыны жұмсауда жемқорлық болғаны расталған.

2016-2020 жылдар аралығында мемлекеттік бюджетке ақша аударуда заң бұзылған. Бұл жылдары аталған мекемені Дүйшөн Ирсалиев басқарған.

ҰҚК ұсталғандардың аты-жөнін ашық айтпай, тек бас әріптерін ғана атады. Қысқартылған есім Ирсалиевтің атына және фамилиясына сәйкес келеді.

«Бішкек» еркін экономикалық аймағы — бірқатар жеңілдіктер берілетін арнайы бөлінген жер. 1995 жылдан бері істейді. Ресми мәліметке сәйкес, оның жалпы аумағы 346,09 гектар. Мұнда жалпы 32 мемлекеттен келген инвесторлар жұмыс істейді.

centralasian.org

Exit mobile version