Site icon KAZAKBOL

Бішкек кәсіпкерлері тағы митинг өткізді

13 маусымда Бішкек қаласында президент әкімшілігі мен үкімет үйі алдында 200-ден астам кәсіпкер митинг ұйымдастырды.

Олар касса аппараттары мен шот-фактура енгізуге қарсы шығып, патент жүйесін қалдыруды талап етті.

Касса аппараттарын қолдамайтындар дүйсенбі күні Талас облысында да жиналды. Мұндағы митингіге 80-ге жуық адам қатысты.

Кәсіпкерлер талабын үкімет басшысы Ақылбек Жапаров тыңдады. Ол касса аппараттарын енгізуге он күндік мораторий жарияланатынын, айыппұл салынбайтынын мәлімдеді. Премьер-министр Қырғызстанның түрлі өңірлерінен он адам жинауды ұсынды. «Бәріміз бірге дұрыс жол табуға тырысамыз. Шот-фактураның сіздерге қатысы жоқ, ол тауар жеткізушілерге ғана жүреді», — деді Жапаров.

11 маусымда Ақылбек Жапаров «Дордой Food» базарының кәсіпкерлерімен де кездескен. Базардағы саудагерлер де касса аппараттарына қарсы.

Биыл 18 қаңтарда қабылданған Салық кодексіне сәйкес, елдегі кәсіпкерлердің бәрі касса аппараттарын пайдалануы тиіс. Бірақ мұндай өзгеріске жергілікті кәсіпкерлер дайын болмай шықты. Олар осыған дейін де бірнеше мәрте митинг өткізді.

Источник

Exit mobile version