Бішкек-Ош тасжолы бойындағы Сусамыр жазығында үш ер адам жолда кетіп бара жатқан көлікке қарақшылық шабуыл жасаған. Бұл жөнінде Шу облысы ішкі істер басқармасы хабарлады.
Шабуыл жасағандар көлік жүргізушісін тапаншамен қорқытып, 35 мың сомын (500 доллар) тартып алған.
Күдіктілерді «Сосновка» бекетінде ұстаған. Тексеру барысында көліктен «такси» деген жазуы бар тақтайша мен тапанша тәркілеген. Олар қарақшылық жасағанын мойындаған.
Милицияның хабарлауынша, күдіктілер Талас облысында да адам тонаған, Бішкекке кетіп бара жатқан беттері екен. Ұсталғандар Жайыл аудандық ішкі істер бөлімшесіне жеткізілген.