Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі Ресейдің бірнеше аймағында шетелдің еңбек мигранттарын жұмысқа алуға салынған тыйымды түсіндірді.
Министрлік мәліметінше, Ханты-Манскийск автономиялы округы, сонымен бірге, Түмен және Калуга облыстары осындай ереже қабылдаған. Бұл аймақтарда сауда, жолаушы тасымалдау, тамақ салаларында шетел азаматтарын жұмысқа алуға рұқсат жоқ.
Қырғызстанның Ресейдегі елшілігінің хабарлауынша, мұндай шектеудің Қырғызстан азаматтарына қатысы жоқ. Елшілік бұны Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одағына мүше екенімен түсіндірді.
Аталған аймақтардағы жұмыс берушілер қырғызстандықтарды жұмысқа орналастырудан бас тартса, азаматтар шағымын kgembassy.ru@mfa.gov.kg электронды поштасына жолдай алады.
Еске салайық, бұның алдында Жогорку Кенеш депутаттары Ресейде еңбек мигранттарына қатысты ережелердің күшейтілгенін сынаған.