Site icon KAZAKBOL

Бішкекте «Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» темір жолы жобасын үйлестіру кеңсесі ашылды

18 қаңтарда Бішкекте «Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» темір жол құрылысы жобасын үйлестіру жөніндегі кеңсе ашылды. Бұл туралы «Өзбекстан темір жолдары» компаниясы хабарлады.

Мәліметке қарағанда, «кеңсе жұмысының мақсаты — жобаны тезірек жүзеге асыруды көздейтін бірлескен шараларды үйлестіру».

Компанияның хабарлауынша, Қытай жағы құрылыс жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін дайындап жатыр, ал «Қырғыз темір жолы» мен «Өзбекстан темір жолдары» темір жол құрылысы қарсаңындағы шараларды өткізеді.

Былтыр қыркүйек айында Шанхай ынтымақтастық ұйымынң Самарқанда өткен саммитінде «Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» темір жол құрылысының жобасы бойынша әріптестік туралы үшжақты келісімге қол қойылды. Құжатқа сәйкес, темір жол «Торугарт – Арпа – Макмал – Жалал-Абад» бағытымен тартылады.

Құрылыс 2023 жылы сәуірде басталады деп жоспарланған. Жоба құны әзірге белгісіз. Алайда Қырғызстан үкімет басшысы Ақылбек Жапаров темір жол құрылысы 6 миллиард долларға бағаланды деп мәлімдеген.

Источник

Exit mobile version