Site icon KAZAKBOL

Бішкекте әйелі мен алты айлық баласын сабаған ер адам екі айға қамалды

Бішкектің Свердлов аудандық соты әйелі мен алты айлық баласын сабады деген күдікке ілінген 35 жастағы қала тұрғынын 26 сәуірге дейін қамауға алу жөнінде шешім шығарды. Бұл туралы Бішкек қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Осыған дейін Свердлов аудандық ішкі істер басқармасы күйеуіне қарсы шара қолдану өтінішімен Бішкек тұрғыны арызданғанын мәлімдеген. Оның сөзінше, күйеуі мас күйінде алты айлық баласы екеуін қатты сабаған.

Милиция отбасылық зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.

Қырғызстанда 2021 жылдан бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза күшейген. Елдің бас прокуратурасы 2022 жылы әйелдерге қарсы жасалған зорлық-зомбылыққа байланысты 6 580 қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған.

Халықаралық Human Rights Watch (HRW) ұйымы 2022 жылдың қорытындысы бойынша жариялаған баяндамасында Қырғызстанда отбасылық зомбылыққа қарсы күрес бойынша маңызды қадамдар жасалғанымен, әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық фактілерінің көбі сотқа жетпей, жабылып қалып жатқанын жеткізген.

Источник

Exit mobile version