Site icon KAZAKBOL

Бішкекте белсенді Тұңғышбаевты Қазақстанға бермеуге шақырған акция өтті

В Бишкеке прошла акция с призывом не выдавать Казахстану активиста Тунгишбаева

Муратбек Тунгишбаев

Бішкек қаласында қырғызстандық және қазақстандық қоғам белсенділері Қырғызстан билігін абақтыда отырған Мұратбек Тұңғышбаевты Қазақстанға бермеуге шақырды. Тұңғышбаев Астананың сұрауымен биыл мамыр айында Бішкекте ұсталған.

Олар Қырғызстан үкіметінің ғимараты алдына жиналды. Белсенді топ «Қырғызстан — зайырлы құқықтық мемлекет» деп жазылған плакат, Қазақстан және Қырғызстан туларын, қамаудағы оппозициялық белсендінің суретін ұстап шықты. Акция өткен орынға белсендінің туыстары мен БАҚ өкілдері келді. Оны қауіпсіздік күштері бақылап тұрды.

Акцияны ұйымдастырушылардың бірі — қырғызстандық азаматтық белсенді Ондуруш Токтонасыровтың айтуынша, олар үндеуін Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековке жолдап, мемлекет басшысынан қамаудағы блогерге босқын мәртебесін беруін талап етеді.

Мұратбек Тұңғышбаевты қырғызстандық арнайы қызмет 10 мамырда Бішкекте тұрып жатқан жерінен ұстады, пәтерінде тінту жүргізді. 21 мамырда Қырғызстанның бас прокуратурасы Тұңғышбаевты Қазақстанға беруді мақұлдады. Отанында оған «қылмыстық топты қаржыландыруға қатысты», «сот экстремистік деп таныған ұйым қызметіне араласты» деген айыптар тағылған. Бұл жерде шетелдегі бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов құрған «Қазақстан демократиялық таңдауы» қозғалысы туралы сөз болған.

Тұңғышбаев аталған қозғалысқа қатысы бар дегенді жоққа шығарды. Ол өзін азаматтық белсенділігі үшін қуғынға ұшарап отырғанын мәлімдеген.

centralasian.org

Exit mobile version