Site icon KAZAKBOL

Бішкекте самбо чемпионын пышақтап кетті

источник: Tengrinews

Бішкек қаласында самбодан Қырғызстан чемпионы, 28 жастағы Бекзат Жаныбековті пышақтап өлтірген. Қылмыс жасады деген күдікпен 33 жастағытер азамат ұсталған. Бұл туралы Бішкек ішкі істер департаменті хабарлады.

Тергеу кезінде күдікті екеуі жанжалдасып қалғанын мойындаған. Күдікті қолына іліккен пышақ тәріздес затпен Жаныбековті ұрған. Күдікті спортшының қандай жарақат алғанын көрмегенін айтты.

Бұл оқиға 3 қыркүйекте астананың Ленин ауданында болған. Күдікті тергеу абақтысында отыр. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

centralasian.org

Exit mobile version