Site icon KAZAKBOL

Бішкекте сауда үйлерінде вирусқа қарсы екпе салдыру орындары ашылады

Бішкек қалалық әкімдік мәліметіне қарағанда, қосымша екпе салдыру орындары медицина орталықтарынан тыс жерлерде ашылады.

Мәліметке қарағанда, «Космопарк», «Таш-Рабат», «Балалар әлемі», «Чынар» сауда ойын- сауық орталықтарында және «Семетей» мектебінде вакцина салдыру орындары ашылады.

3 шілдедегі көрсеткіш бойынша Қырғызстанда коронавирус 1401 адамнан анықталды. Оның басым бөлігі Бішкек қаласында. Бас қалада бір тәулікте 907 адам вирус жұқтырғанын зертханада расталған. Пандемия басталғаннан бері өлкеде коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 130 633 адам болды. 2037 адам көз жұмған.

1 шілге қарағанда Қырғызстанда коронавирусқа қарсы 112 мыңнан астам адам вацина салдырған.

Қырғызстанда Ресейдің «Спутник V» және Қытайдың Sinopharm вакцинасы 29 наурыздан бері салынып жатыр.

Источник

Exit mobile version