Site icon KAZAKBOL

Бішкекте «Тұран» партиясының лидері ұсталды

«Тұран» партиясының лидері Жениш Молдокматовтың адвокаты Кантемир Турдалиевтің айтуынша, оны былтырғы 5-6 қазандағы оқиға бойынша ұстап, 48 сағатқа уақытша ұстау мекемесіне қамаған.

«Жениш Молдокматовқа әлі күдікті ретінде ескерту берілмеді. Тергеуші тек оны ұстау жөнінде қаулы шығарған. Оған әзірге ғимаратты басып алды деген күдік келтіріп отыр»,- деді Кантемир Турдалиев.

6 мамырда Жениш Молдокматов былтыр қазан оқиғасы бойынша тергеуге шақырылған.

Былтыр 5-6 қазанда парламент сайлауының нәтижесіне келіспегендер митинг өткізген. Оның соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласқан.

Источник

Exit mobile version