Site icon KAZAKBOL

Бішкекте «жалған онкологтың» клиникасы жабылады

Милиция дәрігер Хашим Зайналиевтен елден кетпеу жөнінде қолхат алған. Осыған дейін оған заңсыз емшілік етті деген айып тағылған. Бұл жөнінде Бішкектің ішкі істер басқармасы хабарлайды.

Сонымен бірге 12 желтоқсанда Қырғызстанның денсаулық сақтау министрінің орынбасары Мадамин Қаратаев Зайналиевтің клиникасы жабылады деп мәлімдеген.

Денсаулық сақтау министрінің баспасөз хатшысы Жылдыз Айгерчинова клиниканы жабуы үшін барлық құқық қорғау органдарына шағымданғанын, бірақ ешбір орган шара қолданбағанын айтады. Ал сот болса құқық қорғау органдарына арыздануға кеңес берген.

Таяуда Онкология және гематология ұлттық орталығына 5 жасар қыз ауыр халде түскен. Оған дейін Хашим Зайналиев өзінің медициналық орталығында қызды қан ауруынан емдеген.

Жергілікті БАҚ ішкі істер басқармасына сілтеме жасап, қыздың ата-анасы ішкі істер органдарына арыз жазудан бас тартқан деп хабарлайды.

10 желтоқсанда Бішкек ішкі істер басқармасы жалған онколог дәрігерге қарсы қылмыстық іс қозғалды деп мәлімдеді.

centralasian.org

Exit mobile version