Site icon KAZAKBOL

Бішкектің экс-әкімі заңсыз байыды деген күдікпен қамауға алынды

Бішкек қаласының бұрынғы әкімі Азиз Суракматов коррупция және заңсыз баю фактілері бойынша күдікті ретінде қамауға алынды.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) 27 мамырда хабарлап, құрылыс компанияларының өкілдеріне элиталық көп қабатты тұрғын үйлерді салу үшін муниципалдық жер телімдерін беру арқылы коррупцияға жол бергені, сол арқылы заңсыз баю фактілері анықталғанын мәлімдеді.

Тергеу мәліметіне сәйкес, экс-әкімнің байлығы 50 миллион АҚШ долларына бағаланған.

26 мамырда ұсталған Суракматов ҰҚМК-тің тергеу абақтысына қамалған.

Қазір оған қатысы бар басқа адамдардың мүліктерін анықтау істері жүріп жатыр.

Суракматов 2018-2020 жылдары Бішкек қаласының әкімі болған. Былтыр қазан айында билік алмасқаннан кейін өз қалауымен қызметінен кеткен.

Бішкек қалалық кеңестің соңғы сайлауында ол Қырғызстан халықтық демократиялық партиясы атынан сайлауға түскен.

51 жастағы Суракматов оған дейін Жогорку Кеңеш депутаты, қалалық кеңестің төрағасы болған.

Источник

Exit mobile version