Бойжеткен өзге қызға кетіп қалған сүйіктісін масқара етті. Фото: sundaynews.info
Мария есімді бойжеткен жігітін бітіру кешіне шақырады. Алайда сүйіктісі оны тастап кетіп, өзге қыздың бітіру кешіне кететінін айтқан. Тіпті жаңа сүйіктісін көлікпен қыдырту үшін Мариядан оған берген 95 долларын кері қайтаруын сұрайды.
Бұған ашуланған бойжеткен кек қайтарудың ерекше жолын ойлап табады. Ол 95 долларды тек сары бақыр тиындармен қайтарып, почта арқылы салып жіберген.
«Мынау сенің 95 долларың. Бітіру кешінде жақсы көңіл көтеріп қайт», — деген хатты оқыған жігіт өз көзіне сенбейді. Оның 95 доллары құтыларға салынған көк тиындардан құралған екен.
Мария өш алған сәтінен фотоларды желіге жүктегені сол-ақ еді, оны бітіру кешінде бірге болуға ең жақын достарының бірі шақырады.
Енді бұрынғы жігіті әр тиынды санап отырғанша, Мария өзге жігітпен кешті көңілді өткізбек.