Site icon KAZAKBOL

Бразилиялық жанкүйерлер марқұм болған футболшылармен жылап қоштасты (видео)

Табыттарды күтіп алған сәт. Фото: AFP

Колумбияда жантүршігерлік ұшақ апатынан мерт болған футболшылармен бразилиялық жанкүйерлер жылап қоштасты. Бұл туралы NUR.KZ порталы mirror.co.uk сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

100000 адам стадионда футболшыларды соңғы сапарға шығарып салу үшін бас қосты. Әуе қорғаныс күштерінің сарбаздары 50 табытты стадионға алып кірді.

Фото: AFP

Айта кетерлігі, бұл ұшақ апатынан барлығы 71 адам қаза болған. Қайғылы жайтқа ауа-райы да жылап тұрғандай, толассыз жаңбыр жауумен болды. Стадионға жиналған жұрттың да көзінен жас толастамады.

Фото: AFP

Ұшақ апатынан тек алты адам тірі қалған, оның ішінде үшеуі — футбол ойыншылары. Бразилиялық БАҚ ұшақтың жанармайы жеткіліксіз болғанын және апатты қонуға рұқсат ала алмаған ұшақ аспанда 18 минут бойы қалықтап жүргенін жарыса жазуда.

Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

 

Exit mobile version