Site icon KAZAKBOL

Британ депутаты Қазақстан басшыларына да санкция салуға шақырды

Ұлыбритания парламентінде Ресейге қарсы санкция салу талқыланып жатқанда, Қазақстан басшылығына да шара қолдануды сұрады.

Өткен айда Қазақстанның “клептократиялық элитасына” қарсы санкция енгізуді көтерген парламент мүшесі Маргарет Ходж 1 наурызда Мәскеуге ғана емес, Ресей президентін қолдап жатқан Қазақстан мен Әзербайжанға да шектеу салу қажеттігін білдірді.

Британия сыртқы істер министрі Элизабет Трасс Нұр-Сұлтан мен Бакуге қарсы санкция салу мүмкіндіктері жөнінде мәселені зерттеу қажеттігін айтты. Ол қазір Лондон Ресей мен Беларусьқа қарсы санкция салумен айналысып жатқанын жеткізді.

3 ақпанда Маргарет Ходж британ үкіметін коррупцияға қарсы салынған санкцияларды бұзған қазақстандық жемқорларға қарсы шараларды күшейтуге шақырған. Ол бұл пікірін “Қазақстан: антикоррупциялық санкциялар” деп аталған дебатта айтқан.

Ходж санкция салу керек деген оншақты адамның атын атап, олар ұрланған ақшаны заңдастыруға әрекет жасап жатқанын жеткізген. Олардың ішінде Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тұсында миллиардер, бизнесмен болған адамдар мен оның туыстары бар.

Ол өз елін тонап келген жемқорларға қарсы санкциялар салу керек екенін айтқан.

Источник

Exit mobile version