Site icon KAZAKBOL

Былтыр Өзбекстанға 500-ден астам мигранттың сүйегі ғана оралды

2021 жылы Өзбекстанға шетелде қайтыс болған 518 адамның мәйіті жеткізілді. Сыртқы еңбек миграциясы агенттігінің баспасөз қызметі мигранттардың мәйіттері нақты қай елдерден жеткізілгенін хабарламады.

Мекеме мәліметінше, былтыр шетелде ауыр жағдайда қалған 321 өзбек азаматы елге жеткізілген, ал жарақаты ауыр 17 еңбек мигрантының медициналық қызмет шығыны өтелген.

Бұған қоса, сыртқы еңбек миграциясы агенттігі шетелде жұмыс істейтін 8 811 өзбек мигрантына заң көмегін көрсетіп, 295 102 адамға кеңес берген, 13 424 адамға материалдық көмек төлеген.

Сонымен бірге, ​358 еңбек мигранты уақытша жатақханаға жатқызылған.

Агенттік шетелде еңбек ақысын ала алмаған мигранттардың шамамен 984 мың доллар жалақысын төлетуге көмектескенін хабарлады.

Источник

Exit mobile version