Site icon KAZAKBOL

CAN: «Росатомның» Орталық Азия елдерінде АЭС салуының саяси сипаты басым

Халықаралық климат әрекеттері желісі (Climate Action Network – CAN) Қырғызстанда атом электр станциясын салу жобасына қатысты болжамын жариялады.

CAN желісінің Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдеріндегі үйлестірушісі Ольга Бойконың пікірінше, «Росатомның» Орталық Азияда АЭС салуының саяси сипаты басым.

«Аймақ қуаңшылықтан, өзендердің тартылуынан зардап шегіп отыр, климат өзгерген сайын су азая береді, реакторды салқындату қиындайды. АЭС — өте қымбат әрі қауіпті технология, оны тұрғызуға жылдар кетеді, бюджеті үнемі ұлғайып отырады», — деп жазды Бойко фейсбуктегі парағында.

Еске салайық, 19 қаңтарда Ресейдің «Росатом» мемлекеттік корпорациясы Қырғызстан энергетика министрлігімен Қырғызстан аумағында шағын атом станцияларын салу жөнінде меморандум қабылдағанын жариялады.

Қырғыз үкіметі әзірге мұндай ұсынысты қарастырып жатқанын, түпкілікті шешім қабылдауға көп уақыт кететінін мәлімдеді.

Источник

Exit mobile version