Site icon KAZAKBOL

«COVID-19» ҚАШАН ТОҚТАЙДЫ?

Әлемді шаршатқан пандемия нақты қашан тоқтайды? Нумерологтар аурудың беті 2022 жылы ғана қайтып, халықтың әл-ауқаты мен денсаулығы түзеледі деген пікір білдірді. Олар енді сандарға сүйеніп, солай есептеп шығарған ғой. Ал нақты статистиканы зерделеп, алгоритм жасауға қабілетті мамандар қандай уәж айтты?

Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

«Коронавирус 2022 жылы тоқтайды!». Мұндай болжамды нумерологтар айтуда. Олардың есеп-қисабына сенсек, әлемді тығырыққа тіреген жұқпалы індеттен келесі жылы қош айтысамыз!

ҚҰРАЛАЙ БАҚЫТҚЫЗЫ, НУМЕРОЛОГ: «2022 жылы біздің сандар бойынша ешқандай қауіп -қатер жоқ. Анализ жасап, ковидтен аман есен шығамыз деп ойлаймын».

Сандардың көріпкелінің пайымынша, Қазақстанның жағдайы Тәуелсіздіктің 30 жылдығынан соң жақсара бастайды. Біздің ел үшін 2022 сәтті болмақ.

ҚҰРАЛАЙ БАҚЫТҚЫЗЫ, НУМЕРОЛОГ: «Желтоқсан айында Қазақстанға 30 жас болады. Ал бізде 29 жаста 13 жаста түсті, 30 ж асса біраз нығайтып, шығады деп ойлаймын. 2022 жыл жаман емес».

Ал мамандар «коронавирус бітпейді, тек онымен өмір сүріп үйренеміз» деген пікірде.

ДӘРІГЕР ӘКІМ ТҰРСЫН, ДӘРІГЕР-ИММУНОЛОГ: «Алдағы уақытта прогнозға қарағанда бұл ковидтен қауіп бар, білдік үйрендік! Тек осымен өмір сүріп үйренуіміз керек. Яғни, вакцинированный болу керек, ауырғаннан кейінгі антиденесі болуы шарт».

Қош, Денсаулық сақтау министрлігі қандай болжам жасауда?

МАРАТ ШОРАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ
«Ноябрьдің аяғына дейін жоспарларды қарап отырмыз, соларға сәйкес жағдай тұрақты болады деп сенімдіміз. Ал көктемге таман жылдың басына бере аламыз».

Қысқасы, пандемияның нақты қашан тоқтайтыны белгісіз. Десе де шетелдік вирусологтар ковидпен әлі бір жылдай күресеміз, өйткені әлі әлемде оған қарсы тұратын имунитет қалыптаспаған, дейді .

Источник

Exit mobile version