Site icon KAZAKBOL

Дания Украинаға 100 Leopard танкісі мен 1 CAESAR жүйесін бермек

Дания Украинаға 100-ге жақын Leopard 1 үлгісіндегі танкілерін бермек. Бұл жөнінде өлкенің қорғаныс министрлігінің міндетін атқарушы Троэльс Лунд Поульсен Одессадағы брифинг кезінде мәлімдеді.

«Украинаға Leopard танкілерін жаздың басында бере бастаймыз. Олардың жалпы саны 100-ге жақын болады деп үміттенемін. Бұл тәуелсіздік үшін күресте украин армиясына көмек болады. Бұдан бөлек Leopard 2 танктерін де беру мәселесін қарастырамыз», — деді Поульсен.

Ол сонымен бірге осы аптада Украина Даниядан CAESAR артиллериялық жүйелерін алуы мүмкін екенін растады.

Ақпан айында Дания, Германия және Нидерланд өкілдері Украинаға беру үшін ескі Leopard 1 танкілерін қалпына келтіруге қаражат бөлетіні белгілі болған.

Үш елдің бірлескен мәлімдемесінде Украина жақын уақытта Leopard 1 A5 үлгісіндегі 100 танк алатыны айтылған. Бұдан бөлек әскери техникалық құрал-жабдықтар берілетінін мәлімдеген.

Источник

Exit mobile version