Желіде дастархандағы тамақты таласа-тармаса сөмкелеріне салып, тәрелкесімен бірге аударып жатқан әжелердің видеосы пайда болды. Ешкімнен қымсынбастан асқа таласқан әжейлер күлкіге қалды деп хабарлайды NUR.KZ.
Жасы үлкен әжейлердің бұл әрекетін сынап тастаған олар түрлі пікірлерін қалдырды.
«Алсын, бірақ қанағат болуы керек емес пе?», «Тағамнан алсын, тойғанша жесін. Бірақ енді соны түгел сыпырып алу керек пе? Одан да келілеп сатып алып, дастархан жасамай-ақ үйлеріне таратып шыққан жөн сияқты ғой. Құда да тыныш, құдағи да тыныш. Үстел жасап әуре болмайсың», — деп наразы болды олар.