Site icon KAZAKBOL

ДДСҰ басшысы: COVID-19 пандемиясы «аяқталатын күн алыс»

COVID-19 пандемиясы «аяқталатын күн алыс», деп мәлімдеді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы.

Тедрос Адханом Гебрейесус 18 қаңтарда коронавирустың «Омикрон» штамы қауіпті емес деу қателік болатынын еескертті.

«Омикрон» орташа мөлшермен алғанда ауыр болмауы мүмкін, бірақ оны жеңіл ауруға жатқыза алмаймыз. Қателеспеңіз: «Омикрон» жұқтырғандар да ауруханаға түседі, бұл штамнан да кісі өледі, науқастардың жағдайы ауыр болмаса да медициналық мекемелер толып қалады», — деді Гебрейесус Женевада ДДСҰ-ның штаб-пәтерінде.

Өте жылдам жұғатын «Омикрон» штамы әлемнің көптеген елдеріне таралып үлгерді. Бразилиядан Францияға дейінгі аралықтағы елдерде вирус жұқтырғандар саны бойынша антирекорд тіркеліп жатыр. Мәліметтерге қарағанда, COVID-19-ға қарсы қолданып жүрген вакциналар «Омикронды» тежей алмай отыр, бірақ вакцина аурудың жеңіл өтуіне көмектеседі.

Источник

Exit mobile version