Дельфиндер де ренжиді! Судағы ең ақылды сүтқоректілердің жас балаша бұртиып, еркелейтінін біліп пе едіңіз? Адамдардан кейінгі ақылды тіршілік иесі саналатын су жануарларының сіз бен біз білмейтін құпиясымен әріптесім танысып қайтты. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
«Арыстанды ырқына көндіргендерді көрдік! Қасқыры, жолбарысы тағысы тағы. Ал, дельфиндердің тілін түсінетіндермен тілдесуім алғаш.Ойбай»…
Мұндайды күткенім жоқ, мойындаймын! Шабуыл жасағалы жатыр деп, зәрем ұшқаны. Сөйтсем, бұларың осылай еркелейді екен ғой.
Біздің түсірілім тобы, қоректендіру процесінің үстінен түсті.
ДМИТРИЙ ГЕРМАН, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:
«Күніне үш-төрт мәрте қоректендіреміз! Не жейді дейсіз ғой? Албырттар тұқымдастарының балықтары мен минтай, майшабақ, теңіз шортанын жейді!».
Балықтарды шайнамай жұтып жатқан бұл екеуі Дидди мен Зевс. Дмитрийдің дельфиндері. Жандарына жолай қойғаны сол еді, көңілдері көтеріліп шыға келді.
— Это вот они звуки издают. Это что она выражает?
-Ну она радуеться, хорошое настроение. Радуеться.
Дмитрийде жылы сөздерін аяп жатқан жоқ! Өкініштісі, дельфиндер тек ультродыбыстарды қабылдайды. Бұл мамандықтың қиындығы да сол! Трюктердің барлығын, жаттықтырушылар жадына тек ыммен, ишарамен сіңіреді.
Немесе, ысқырықтың көмегіне жүгінеді.
ДМИТРИЙ ГЕРМАН, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:
«Бұл «ия» немесе «жоқ» деген жауаптарды беруге көмектесетін ысқырық. Ұзақ ысқырсам онда оң жауап бергенім, яғни жарайсың дегенім. Ал, қысқа үш мәрте ысқырсам онда көңілімнен шықпады, тағы бір мәрте қайталайық дегенді білдіреді».
Десе де, кейде бұл да көмектеспейтін көрінеді. Балықтар бір-бірімен ренжісіп қалған күндері, тапсырмаларды орындаудан бас тартады екен.
— Мысалы, қазір төртеуі хауызда жүзіп жүр! Бірақ, кейде бір-бірімен ренжісіп қалады.
-Олай да бола ма?
-Әрине, олар тірі жандар ғой! Топтасып тіршілік етеді.
«Мынадай жерге келіп тұрып жүзбей кету күнә шығар. Бір қызық айтайын, мен жүзе алмаймын. Және дәл осы күндегідей сол үшін өкінбеген шығармын. Десе де тренерлер осындағы дельфиндермен күніге жүзеді. Ол үшін арнайы гидрокостюм киіп алады.Ол тоңбауға мүмкіндік береді. Ал судағы градусқа келетін болсақ, плюс 21».
Мына кадрларды көріп АҚШ-тың Iron Man-і көз алдыма елестегені. Алайда, оның жағар-жанармайы бітсе, шаруасы да бітеді ғой.
Ал, дельфиндер болса ешқашан қалғымайды, біліппе едіңіз?
ДМИТРИЙ ГЕРМАН, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:
«Олардың миының тек бір бөлігі ғана демалады, ал екінші бөлігі осы мезетте тыныс алу функциясын қадағалайды».
Айтпақшы, бүгінгі түсірілім барысында итбалықтарды да көрдік. Бірақ, олар жайлы сәті түссе, кейін айтармыз. Анығы ескекаяқтылар отрядының бұл өкілдерін де қолға үйретсең, адамға еш зияны жоқ көрінеді.