Бір мыңға жуық адам Бішкектегі биыл орын жоқтығына байланысты жабылған Оңтүстік-батыс зиратынан орын сатып алған.
Жер сатып алғандар рұқсат қағаз талап етіп отыр. Бұл туралы Бішкек қаласы кеңесінің 7 қазандағы жиналысында депутат Казыбек Эргешов мәлімдеді.
«Оңтүстік-батыс зираты жабылардан алдын мыңға жуық адам орын сатып алған. Енді олардың жүзге жуығы жерге ордер беруін талап етіп отыр. Құжаттар болған, бірақ олар сақталған қойма өртеніп кеткен. Сатылған жерлер бос, бірақ адамдар ол орындарды тағы сатып жатыр деп шағымданды», — дейді Эргешов.
Депутат тиісті құрылымдарға мәселені шешуді тапсырғанын айтты.
Бішкек әкімдігі 2021 жылғы 1 қаңтарда Оңтүстік-батыс зираты жабылғанын хабарлаған.
2018 жылы Азаттық радиосының қырғыз қызметі Оңтүстік-батыс зиратындағы жемқорлық жайлы зерттеу жариялап, орындар көзі тірі адамдарға сатылғанын анықтаған.