Site icon KAZAKBOL

Дереккөздер: Тәжік арнайы қызметі Хорогтағы бөлімінің басшысы арнайы операция кезінде өлген

Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің Хорогтағы бөлімінің басшысы Комрон Раджабзода Ауғанстанмен шекарадағы операция барысында оққа ұшқан.

Оқиға 28 сәуірге қараған түні болған, деп хабарлады Азаттықтың Тәжік қызметі — Озоди радиосының екі дереккөзі. «Комрон Раджабзоданы операция барысында белгісіз біреулер өлтірген» дейді дереккөздердің бірі.

«Ховар» ұлттық ақпарат агенттігінің арнайы қызметке сілтеме жасай отырып хабарлауынша, 28 сәуірде түнгі сағат 1 жарымда Бадахшан ауған провинциясы Барпандж ауылының сегіз тұрғыны есірткі мен қару-жарақ өткізу мақсатында «Хорог» шекара отряды «Тишор» шекара бекінісі күзететін мемлекеттік шекараның 184-бөлігінінен өткен.

«Контрабанда тәжік шекарашыларының берілу туралы бұйрығына бағынбай, оларға қарсы оқ атты. Қарымта жауапқа шыдай алмаған қылмыскерлер есірткі мен қару-жарақты тастап, түн уақытында қашып кетті» деп жазылған мәліметте.

Оқиға орнында ауған контрабандасына көмектескен үш адам ұсталды. Олардың бәрі тәжік азаматы.

Тәжікстан шекара қызметінің хабарлауынша, атыс кезінде бір тәжік әскери қызметкері қаза болған. Арнайы қызмет оның кім екенін хабарламады.

Источник

Exit mobile version