Site icon KAZAKBOL

Димаш Құдайбергеннің тойдағы қаламақысы бір айда 15 мың долларға дейін өскен

Димаш Кұдайберген. Фото: Вейбо

Небәрі бір-ақ айдың ішінде атағы жер жаратындай дәрежеге жеткен Димаш Құдайберген бүгінде ел назарында. Оның әрбір басқан қадамын отандық БАҚ жіті қадағалап, оған деген халықтың қызығушылығы да күн санап артып келеді. Той индустриясы бизнесін қолға алған Жан Мұқанов Димаштың әр тойдан қанша алатынын жасырмай айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтты.

Жан Мұқановтың айтуынша, бүгінде той бизнесте Димашқа деген сұраныс жоғары. Оның Қытай елінде жинаған беделі өз еліндегі құнының артуына себеп болған. Бұрын 2000 мың доллар үшін тойда ән айтатын Димашқа қазір 15 000 доллар беруге әзір тұрған той иелері бар дегенді алға тартты Жан Мұқанов.

«Димаш Құдайбергеннің бүгінгі қаламақысы 15 000 доллар», — деді Жан Мұқанов.

Оның айтуынша, бір ай бұрын ғана әр тойдан 2 000 доллар алатын әншіге болашақта 25 мың доллар көлеміндегі қаламақы берілсе де таң қалуға болмайды.

Exit mobile version