Site icon KAZAKBOL

Дональд Трамп: қарашада Ресей демократтарды қолдайды

Встреча Трампа и Путина

АҚШ президенті Трамп қараша айында Конгресс сайлауына Ресейдің ықпал етуі мүмкін екендігіне өкініш білдірді.

Твиттерде сейсенбі күні жарияланған мәлімдемесі бойынша, «Ресей республикашылдарға емес, демократтарға көмектеседі». Трамп оның себебін «бірде бір президент мен секілді Ресейге қатысты қатаң саясат ұстанған емес» деген мәлімдемесімен түсіндірді.

Америка мен оның одақтастарының сайлау жүйелеріне кибершабуыл жасаған Ресейде ашық сынамағаны үшін сын айтқандарға Трамп осы аргументтерін қарсы қолданып келеді. ​​

Трамп ресейлік олигархтарға қарсы қолданылған санкцияларын, ресейлік ондаған дипломатты елден шығарғанын соңғы уақытта жиі айтып жүр. Бірақ АҚШ президенті бұл шараларға жеке басы қарсы болғанын да жасырмайды. Оның үстіне Трамп ондаған америкалық дипломаттың Ресейден шығарғаны үшін Путинге қаражат үнемдеуге көмектескені үшін алғыс айтқан.

Дональд Трамп әдетте Ресейде мақтап, оның АҚШ-пен әріптестігі үлкен пайда әкеледі деп есептейді. Ол америкалық арнайы қызметтің Ресей соңғы президент сайлауына араласқан деген қорытындысын әрең дегенде қабылдаған.

centralasian.org

Exit mobile version