Site icon KAZAKBOL

Дональд Трамптан айнымайтын құс «қанатты Трамп» атанып кетті

Қырғауыл. Фото: korrespondent.net

Дональд Трамптан айнымайтын қырғауыл үлкен танымалдыққа ие болуда. Көпшілік оны «қанатты Трамп» атап кеткен деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Қытайлық Ханчжоу қаласында орналасқан сафари-бағының алтын қырғауылы Дональд Трампқа ұқсас болуымен ерекшеленеді. АҚШ-тың президент сайлауында жеңіске жеткен Дональ Трампқа қырғауылдың ұқсастығын жергілікті журналист байқап, Weibo желісіне жария еткен.

Содан бері зор танымалдыққа ие болған құс «қанатты Трамп» атанып кетті. Ал Дональдтың ерекше шаш үлгісі бұған дейін талай БАҚ-тың талқысына салынған.

8 қараша күні Трамп президенттік сайлауда жеңіске жеткелі, әлем бойынша адамдар өз жануарларының шаш үлгісін саясаткерге ұқсатып бағуда.

  
Exit mobile version