Site icon KAZAKBOL

Досының саусағын аузына салып, суретке түскен Луина елдің ашуына тиді (фото)

Фото: Скриншот

Отандық танымал әнші желіге досымен суретке түсемін деп көпшіліктің ашуына ілікті. Луинаның ер адамның саусағын аузына салып тұрған фотосына желі оқырмандары шүйлігіп, өзінің жағымсыз пікірлерін жаудырған деп жазады NUR.KZ.

Луинаның аталмыш суреті бір тәуліктің ішінде мыңдаған қаралым мен қатар көптеген қаһарлы пікірлер жинап үлгерген. Әншінің аузына салып түскен саусақтың иесі оның Слава есімді досы болып шықты.

Анықталғандай, отандық әртіс бұл әрекетімен оны туған күнімен ерекше құттықтағысы келген. Алайда, Луинаның бұл қылығын түсінбеген желі оқырмандары оны аяусыз сынап тастады.

«Қалай ұялмайсың, масқара. Сенің парақшаңды балалар да оқиды ғой»
«Андағы саусақ таза ма екен өзі? Жиіркеніштісің ғой»
«Бұл әнші ұяттан жұрдай, оның не екенін де білмейді»
«Қандай тәрбие бересің өз тыңдармандарыңа, сәл де болса ұялу керек қой адам баласы», — деп жазды желідегілер.

Exit mobile version