Site icon KAZAKBOL

Дубай әмірі бұрынғы әйеліне 734 миллион доллар өтемақы төлейді

Принцесса Хайя бинт аль-Хусейн супругом шейхом Мохаммедом на королевских скачках в Аскоте, 2018 год

Біріккен Араб Әмірлігінің премьер-министрі әрі Дубай әмірі Мохаммед әл-Мактум бұрынғы әйелі Хайе бинт әл-Хусейн ханшайымға 554 миллион фунт стерлинг (734 миллион доллар) өтемақы төлейтін болады.

Мұндай шешімді Лондон соты қабылдады. БАҚ өтемақы көлемін тарихтағы ең көп ақша деп атап жатыр.

47 жастағы Хайе ханшайым Иордания королінің қарындасы. 2004 жылы Мохаммедке тұрмысқа шығып, алтыншы әйелі болған. Эмирдің жасы 72-де. Некеден бір ұл, бір қыз дүниеге келген. 2019 жылы ханшайым балаларын алып, Ұлыбританияға қашып кетті. Сол кезде оның өзінің оққағарымен байланысы бары белгілі болған. БАҚ-тың жазуынша, ханшайым күзет қызметіне бұл байланысты құпия сақтау үшін жеті миллион фунт стерлинг төлеген. Бірақ құпия бәрібір тарап кеткен.

Шейх ханшайымды балаларымен еліне қайтуды талап етіп сотқа берген.

Ханшайым балаларының шығынына ақша бөліп, оларды өмір бойы күзетпен қамтамасыз етуді және елінде қалған қымбат киімдері мен бағалы әшекейлерінің құнын өтеуді талап етті. Ол бір жарым миллиард фунт сұраған.

Осыған дейін британ сотының шешімімен ресейлік миллиардер Фархад Ахмедов бұрынғы әйеліне 450 миллион фунт төлеуі тиіс болған.

Источник

Exit mobile version