Site icon KAZAKBOL

Дубайда Тәжікстанның үш азаматы адам ұрлау ісі бойынша сотталды

Дубайда Тәжікстанның үш азаматы адам ұрлау айыбымен сотталды.

17 тамызда https://www.thenationalnews.com сайты Дубайдың апелляциялық сотына сілтеме жасап, 18-35 жас аралығындағы үш тәжік азаматының былтыр қараша айында қамалғанын, олар қытайлық әйелдің тапсырмасымен жерлесін ұстап, ұрлап әкеткенін жазды.

Сот мәліметіне сәйкес, Тәжікстан азаматтары жерлесінен 20 мың дирхам (шамамен 5,5 мың АҚШ доллары) қарызға алған қытай азаматын Дубайдың шетіне апарып, оны қорқытып-үркіткен.

Дубай полициясы видеобақылау камерасының көмегімен олардың мекен-жайын анықтаған. Басында тәжікстандықтар үш жылға бас бостандығынан айырылған, кейін апелляциялық сот олардың мерзімін алты айға дейін қысқартып, жазасын өтегеннен кейін Дубайдан депортациялау бойынша шешім шығарған.

Источник

Exit mobile version