Site icon KAZAKBOL

Дума депутаты: «Вагнер» майданнан шығып қалған соң жаңа мобилизация жариялау қажет емес

Иллюстративное фото

«Вагнер» жекеменшік әскери компаниясы Украинада әскери қимылдар жүріп жатқан аймақтардан кеткен соң жаңа мобилизация жариялау қажет емес. Бұл туралы думаның қорғаныс жөніндегі комитетінің басшысы Андрей Картаполов ТАСС агенттігіне хабарлады.

Оның айтуынша, «Вагнер» жалдамалы әскерін алмастыра алатын резерв жеткілікті. Бұның алдында думадағылар «Вагнер» енді Украинадағы соғысқа қатыспайды деп мәлімдеген.

Жаңа мобилизация жариялау қажет еместігін 13 маусымда Ресей президенті Владимир Путин де мәлімдеген. Сол кезде Путин блогерлер мен әскери тілшілерге мобилизация жариялау алға қойған мақсатқа байланысты екенін айтқан. «Әскеріміз Киевте болды, бізге ол жерге қайтып оралу қажет пе, жоқ па?» деп сұраған Путин.

«Вагнерге» қатысы бар арналар адам жалдау жұмысы компанияның Беларусьқа көшуіне байланысты бір айға уақытша тоқтағанын хабарлаған.

Евгений Пригожин бастаған «Вагнер» күштерінің 23-24 маусымдағы қарулы бүлігінен соң адам жалдау пукнтері жабыла бастады.

«Вагнер» жекеменшік әскери компаниясының күштері Бахмут түбіндегі ірі операцияға қатысып жүрген. Пригожиннің айтуынша, соғыс басталғалы бері компания 20 мың жалдамалы жауынгерінен айрылған. Кәсіпкер мәліметінше, «Вагнер» түрмелерде отырған 50 мың адамды соғысқа алып кеткен.

Источник

Exit mobile version