Site icon KAZAKBOL

Душанбе-Шанақ автожолында көшкен қар астында қалғандарды іздестіріп жатыр

Тәжікстанда Душанбе-Шанақ автожолында қар көшкіні астында қалған екі азаматтың денесі әлі табылмады. Билік 26 ақпанда «Шахристон» өткеліне жақын маңда болған қар көшкіні екі автокөлікті басып қалуы мүмкін дейді.

Құтқарушылардың Азаттықтың Тәжік қызметі — Озоди радиосына 27 ақпанда хабарлауынша, кеше қар астынан екі мәйіт шығарылып, Шахристан ауданына жөнелтілген.

«Іздеу жұмыстары тоқтаған жоқ. Қанша адамның қар астында қалғаны әзірге белгісіз. Оқиға орнына Худжандтан шұғыл көмек отряды келді», — дейді құтқарушылардың бірі.

Душанбе-Шанақ жолына жауапты Innovative Road Solutions (IRS) компаниясының хабарлауынша, қайғылы оқиға жолдың 157-шақырымында болған. Үш адам сол жерде қаза тапқан, тағы бір адам ауруханада көз жұмған. Бір әйел аман қалған. Ол Шахристан ауданындағы ауруханада жатыр. Дәрігерлер науқастың жағдайы ауыр екенін айтты.

Душанбе-Худжанд жолында қозғалыс бірнеше сағатқа тоқтап, 27 ақпанға қараған түні жол қайта ашылды.

Источник

Exit mobile version