Site icon KAZAKBOL

Душанбе тұрғыны суға батқан баланың денесін іздеу үшін су қоймасын ағызуды сұрайды

Душанбе тұрғыны Хуршед Хамроев суға батқан қызының денесін шығарып алу үшін Айни саябағындағы су қоймасын ағызып жіберуді сұрап, тәжік үкіметіне ашық хат жолдады.

Биыл 1 шілдеде 12 жастағы Мунаввара мен 10 жастағы Мәриям су қоймасына батып кеткен.

«Құтқарушылардың көмегімен бір қыздың денесін таптық. Енді екіншісін әлі таба алмай жатырмыз. Су ағысы өте жылдам әрі тым салқын. Жалғыз жол, суды ағызып жіберу», — дейді Хуршед Хамроев.

Былтыр су қоймасының айналасы қоршалып, кейбір учаскелері ашық күйінде қалып қойған. Балалар сол ашық жерден суға барып ойнайды. Биыл ресми мәлімет бойынша, 67 адам су қоймасына батып кеткен. Олардың қырыққа жуығы балалар.

Источник

Exit mobile version