Site icon KAZAKBOL

Душанбеде 12 жастағы жасөспіріммен неке қиған ер адам үш жылға сотталды

Иллюстративное фото

Душанбенің Сино аудандық соты 12 жастағы қызбен неке қиған 46 жастағы Давлатманд Касиров атты жергілікті тұрғынды үш жылға түрмеге қамады.

Сотта қыздың құқығын қорғаған «Құқықтық бастама» қоғамдық ұйымының адвокаты айыпталушы «Жасы кәмелетке толмаған қызға азғындық әрекеттер жасау» бабы бойынша кінәлі деп танылғанын білдірді.

Касировтың жақындары сотта «ол қызбен жыныстық қатынасқа бармағанын», үкімге қарсы екенін айтқанын жеткізді. Оның адвокаты сот шешіміне қарсы шағым беретінін айтқан.

Былтыр тамызда Тәжікстанның ішкі істер министрлігі Давлатманд Касиров 12 жастағы қызды алдап, әке-шешесіне айтпастан некесін қиғанын хабарлаған.

Тәжікстан заңдарына сәйкес, бойжеткен 18 жасқа толғаннан кейін ғана тұрмысқа шыға алады.

centralasian.org

Exit mobile version