Site icon KAZAKBOL

Душанбеде ең үлкен мешіт ашылды

Мешіттің ашылу салтанатына Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен Душанбеге екі күндік ресми сапармен барған Катар әмірі Шейх Тамим ибн Хамад әл Тани қатысты.

Душанбедегі жаңа орталық мешітте бір мезетте 133 мың адам намаз оқи алады – 43 мыңы ішінде, қалғаны оның айналасында. 12 гектар жерді алып тұрған мешіт 65 метрлік төрт мұнарадан және 47 метрлік бас күмбезден тұрады. Онда намаз оқитын орын, кітапхана, музей және жиындар өткізетін залдар бар.

Ресми мәліметке сәйкес, Тәжікстандағы ең үлкен мешіттің жобасы 100 миллион долларға бағаланып, оның 70% Катар, қалғанын тәжік үкімет төлеген.

Мешіт құрылысы ханафи мазхабының негізін құрушы Әбу Ханафидің 1 310 жылдығы атап өтілген 2009 жылы басталған.

Источник

Exit mobile version