Site icon KAZAKBOL

Душанбеде комада жатқан Мадина Мамаджонова қайтыс болды

Душанбеде Мадина Мамаджанова қайтыс болды. Жас келіншек соққыға жығылғаннан кейін үш ай бойы комада жатқан.

Бұл ісі бойынша басты күдікті — Парвиз (Лутфулло) Давлятовтың әйелі Азиза Давлятова. Марқұм Парвизбен жұмыс істеген. Кейбір мәліметтер бойынша, екеуі кездесіп жүрген.

32 жастағы Мадина Мамаджанованы жерлеу рәсімі 16 желтоқсанда өтеді.

Бірер күн бұрын айыпталушылардың бірі Парвиз Давлятов осы оқиға бойынша, 5,5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Қазір оның заңды әйелі Азиза Давлятованың ісі сотта қаралып жатыр.

Мадина Мамаджонованың артында 11 жастағы қызы қалды.

Источник

Exit mobile version