Site icon KAZAKBOL

Душанбеде ММА атлеті Чоршанбиевті соттап жатыр

ММА атлеті әрі блогер Чоршанбе Чоршанбиевтің үстінен қозғалған іс бойынша сот 28 ақпанда Тәжікстан әділет министрлігі тергеу изоляторының ғимаратында басталды.

Чоршанбиев Интернетте конституциялық құрылымда күшпен өзгертуге үндеді деп айыпталды. Сотталушы мен оның туыстары тағылған айыпты жоққа шығарып отыр.

Судья Сафар Нұрализоданың мәлімдеуінше, сот ашық өтеді. Алайда сот залына Озоди радиосының журналистрін жібермеді. Сотқа Чоршанбиевтің адвокаттары мен туыстары қатысып жатыр.

Чоршанбе Чоршанбиев Таулы Бадахшан автономиялы облысының тумасы. Соңғы жылдары ол Ресейде тұрды, 2016 жылдан бастап аралас жекпе-жек жарыстарына қатысып жүрді.

Ол 2021 жылғы 3 желтоқсанда жол ережесін бұзғаны үшін ұсталды. Ресейдегі сот танымал спортшыға айыппұл салып, оны 30 желтоқсанға қараған түні Ресейден депортациялады. Душанбе әуежайында атлетті тәжік арнайы қызметінің өкілдері күтіп алды.

Источник

Exit mobile version