Site icon KAZAKBOL

Джеб Буш АҚШ президенттігіне кандидаттықтан бас тартты

Флорида штатының экс-губернаторы Джеб Буш сенбі күні АҚШ президенті сайлауына қатысудан бас тартатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Bnews.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Сайлау науқанына қатысуды тоқтатамын. Осы күнге дейін мақтан тұтарлық жұмыс атқардық»,- дейді саясаткер өз әріптестеріне алғыс білдіріп.

Оңтүстік Каролинада сенбі күні республикалық сайлаудың алғашқы кезеңі (праймериз) тәмамдалды. Болжамдарға сүйенсек, Буш 8 пайыз дауыс жинап, бәсекелестер арасында төртінші орынға шығуы керек.

Америкалық БАҚ өкілдерінің пайымдауынша, Дональд Трамп бұл жолы мәреге бірінші болып жетеді.

 


 

Exit mobile version