Site icon KAZAKBOL

Дзюдошы Галбадрах әлем чемпионатында қола алды

Фото с сайта judoinside.com

Дзюдодан Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Галбадрах Отгонцэцэг 48 келіде қола медаль иеленді. Ол үшінші орын үшін өткен белдесуде Уранцэцэг Мункхбатты (Моңғолия) жеңді.

Галбадрах жартылай финалда украиналық Дарья Билодидтен жеңілген. Билодид Бакудегі әлем чемпионатының финалында жапониялық Фуна Тонакиден жеңіп, алтын алды.

Галбадрах 2010 жылы Қазақстанға Моңғолиядан келген. Ол Моңғолияда Уранцэцэгтен кейінгі екінші нөмерлі спортшы болған. Осыдан кейін Галбадрах ірі жарыстарға қатысу үшін Қазақстан азаматтығын алған. Моңғолия дзюдо федерациясы балуанға Қазақстан атынан жарысқа қатысуға рұқсат берген.

2016 жылы Риода өткен олимпиада ойындарында да қола жүлде алған. Биыл тамызда Джакартада өткен Азия ойындарында да үшінші орын иеленген.

centralasian.org

Exit mobile version