Site icon KAZAKBOL

ЕАЭО аясында «Еуразия агроэкспресс» жобасы қаралып жатыр

источник: Kazinform

Еуразия экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттер ауыл шаруашылығы өнімдерін темір жол арқылы тез жеткізу бойынша бірлескен жобаны талқылап жатыр.

Бұл мәселе 19 ақпанда Еуразия экономикалық комиссиясының видео конференция арқылы өткен жиналысында көтерілді. Оған Қырғызстанның министрлер кабинеті төрағасының бірінші орынбасары Арзыбек Кожошев төрағалық етті.

Қырғыз үкіметінің баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, онда 27 мәселе қаралған. Солардың бірі одақ ішінде COVID-19 вирусына қарсы екпе алғандардың сертификатын тану мәселесі де бар.

Нәтижесінде жыл сайын 29 мамырда ЕАЭО күнін атап өту жөнінде және 24-25 ақпанда Нұрсұлтанда одақтың үкімет басшыларының бас қосуында өтетін кездесудің күн тәртібі қаралған.

Былтыр Ресей мен Өзбекстан Ташкент – Мәскеу «Агроэкспресс» пойызын ашуды жоспарлап жатқанын мәлімдеген. Бұл жобаға Қазақстанда қосылатыны, Өзбекстан өнімдері алдымен Қазақстанға, әрі қарай Ресейге жөнелтілетіні айтылған. Кейін бұл жобаға Қырғызстан да қатысуға ниет білдірген.

2022 жылы ЕАЭО-ға төрағалық ету кезегі Қырғызстанға тиген.

Ұйымға Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Ресей мүше.

Источник

Exit mobile version