Зейнеткер. Көрнекі фото әлеуметтік желіден алынды
Әзірбайжанның Шамкир қаласында егде жастағы ерлі-зайыптыны туған ұлдары мен келіндері жабылып аяусыз соққыға жықты. Бұл туралы NUR.KZ порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
1957 жылғы Адиль Юсибов пен оның 1961 жылғы әйелі Етяр Юсибова түрлі дене жарақаттарымен қаланың орталық емханасына келіп түскен.
Белгілі болғандай ерлі-зайыптыға дене жарақаттарын олардың туған ұлдары мен келіндері салыпты. Факті бойынша тергеу жүргізілуде. Жанжалдың неден туындағаны әзірге белгісіз.