Site icon KAZAKBOL

Екі адам өлім құшқан Алматы маңындағы ұшақ апатының бастапқы себебі анықталды

Фото: Алматы облысы, панфило ауданының прокуратурасы

Як-12 ұшағының апатына әуе көлігінің жер бетіне соғылуы себеп болуы мүмкін деп хабарлады инвестиция және даму министрлігінің көлік апатын тергеу бойынша департаменті директоры Жәнібек Тайжанов.

Еске сала кетсек, 27 шілдеде Алматы облысы Панфилов ауданы Шолақай ауылында ЯК-12 ұшағы құлап, жанып кеткен болатын. Ұшақтың ішінде болған екі адам қаза тапты: 1963 жылы туған ұшқыш Хамит Ақбергенов пен 1978 жылы туған «Аршидинов» шаруашылық қожалығының басшысы Мәсімжан Мәсімов. 

Ұшақ авиахимиялық жұмыстарды жүргізіп жүрген.

Оқиғаны тергеу бойынша комиссия құрылып, апат болған жерге аттанып кетті. Нәтижесі кейінірек хабарланады.

Қылмыстық кодекстің 344-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бастапқы тергеу амалдары жүргізілуде.

Sputnik Казахстан

Exit mobile version