Site icon KAZAKBOL

Екі баласының анасын аяусыз өлтірген тұрғын әкелік құқығынан айырылды

Көрнекі фото: 24.kz

Таран ауданында зайыбын өлтіріп, екі баланы анасыз қалдырған азамат әкелік құқығынан айырылды деп жазады «Қостанай таңы» басылымы.

Қанды оқиға 2011 жылы болды. Тарандық азамат мас күйінде өз әйелінің денесіне аса ауыр жарақат салған. Салдарынан шиеттей екі бала анасыз қалды.

Сот қылмыскерді бес жылға бас бостандығынан айырған еді. Сондай-ақ, ол дәрігер-психологтың бақылауына алынған. Бұған қоса, оған алкоголь тұтыну кесірінен туындайтын психикалық және мінез-құлықтық ауытқудан емделу тағайындалды.

Ал, аналарынан көз жазып қалған кезде екі баланың үлкені үште, екіншісі бір жаста еді. Қазір олар әжелерінің қамқорлығында. Сот шешімімен қандықол қылмыскер әкелік құқығынан айырылды. Сонымен қатар, одан балаларды бағып-қағуға алимент өндіріледі.

Айта кетейік, жыл басынан бері үш ай ішінде 32 кәмелетке толмаған балаға қатысты 17 азаматты ата-ана құқығынан айыру туралы 16 шешім шығарылған.

 

Exit mobile version