Site icon KAZAKBOL

Екібастұзда екі оқушы қыз түнде бесінші қабаттан құлап кетті

Фото privet-rostov.ru

Екібастұзда бүгін түнде екі оқушы бесінші қабаттан құлап кетті. 2003 жылы туған қыз балалар бес қабатты үйдің подъезінің терезесінен құлаған деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қайғылы жағдай Бауыржан Момышұлы көшесі, 113 мекенжайы бойынша тіркелген.

Оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсеткен жедел жәрдем қыздарды қалалық аурухананың жансақтау бөліміне орналастырған.

Олардың бірі № 23, екіншісі № 2 мектептің 9 сынып оқушылары екені анықталды. Жасөспірімдер түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Exit mobile version