Site icon KAZAKBOL

Экс-депутат желіге жартылай жалаңаш суретін салатын қыздардың жағдайына алаңдады

Фото Тәңірберген Бердоңғаровтың парақшасынан алынды

Экс-депутат желіге жартылай жалаңаш суреттерін салатын қыздарды сөгіп тастады деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында жазды.

«Қыздар, әлеуметтік желіде жартылай жалаңаш суреттерді салудың қажеті жоқ. Жариялағаныңыздың барлығы естелік болып жігітіңізге, ұлыңызға және немереңізге мәңгілікке қалады. Сұлулықтарыңызды көрсеткілеріңіз келетінін түсінемін. Бірақ әлі бойдақ жүрген достарымның ішінде болашақ жұбайларының жартылай жалаңаш суреттеріне қуанатындар жоқ.

«Ондай қыздармен көңіл көтеруге ғана болады», — дейді олар. Сондықтан тұрмысқа шықпай жатқандарыңызға таңғалмаңыздар. Керемет сұлулықтың да өзінің құпиясы болуы керек«, — деп жазды ол.

Желідегілер бұрынғы депутаттың бұл сөзіне түрліше жауап берді. Қайсыбірі оны қолдап, пікірін жолдаса, екіншілері қарсы шықты.

Exit mobile version