Скриншот: 31 арна
Желіде тараған бұл фотода Серік Ахметов бір топ жігіттің дәл ортасында тұр. Сурет бұрынғы премьер-министр жазасын өтеп жатқан Қарағандының Қарабас елді-мекеніндегі түзеу мекемесінде түсірілген. Спорттық киімдермен суретке түскен сотталушылардың футбол командасы да АК 15918 деп аталады екен.
Бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталған Серік Ахметов Қарағанды облысының 20 лауазымды тұлғасымен бірге әуелі он жылға сотталған. Кейін кері шағымның арқасында жазасы екі жылға азайған болатын.
Биыл Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына жарияланған рақымшылыққа ілігіп, бұрынғы шенеуніктің сегіз жылының төрттен бір бөлігі қысқарды. Енді Серік Ахметов абақтыда әлі төрт жыл алты ай отырады.
Айта кету керек, бүгінде үкіметті екі жыл басқарған экс премьерден өзгесінің бәрі түрмеден шыққан.