Site icon KAZAKBOL

ЭКСПО-ға қыдырып барған мектеп оқушысын көлік қағып кетті

Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесі. Фото: expo2017astana.com

Батыс Қазақстан облысына қарасты Ақсай қаласындағы мектептердің бірінің оқушысы елордалық клиникаға әр түрлі жарақаттармен түсті, деп хабарлайды «Мой ГОРОД» порталы.

24 шілде күні Астанадағы ЭКСПО-ны тамашалауға бір топ оқушымен бірге келген 12 жасар қызды автокөлік қағып кеткен. Ол әр түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылыпты.

Ақпаратты оқушының анасы растаған, бірақ директорға да, топ басшысына да шағымы жоқ екенін алға тартып, мән-жайды түсіндіріп беруден бас тартты.

Exit mobile version